Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №333 Қаулысы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Гранттың мөлшерлері:

  1. жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2157759 (екi миллион бір жүз елу жеті мың жетi жүз елу тоғыз) теңгені;
  2. жатақханада тұруды есептегенде жылына 3055432 (үш миллион елу бес мың төрт жүз отыз екi) теңгені құрайды.».

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

            

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу