Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 мамырдағы №400 қаулысы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап арттыру туралы

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алынатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және  ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                 Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу