Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 517 Қаулысы

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы

 

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері;

2) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті болып айқындалсын.

2. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 44 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу