Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 Қаулысы

Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы  19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Түркістан облысы Түркістан қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Түркістан облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Түркістан облысы Түркістан қаласының бас жоспарының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасы бекітілсін.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 735 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі     А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу