Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №744 қаулысы

Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының шекарасы одан Ұлытау облысының құрамына беру үшін Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы
    18893661,0 гектар жерін алып тастау арқылы өзгертілсін.
  2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы
    18893661,0 гектар жерін қосу арқылы Ұлытау облысының шекарасы белгіленсін.

3. Қарағанды және Ұлытау облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                     Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу