26 Қараша 2025, 14:02
Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 34-бабының 4 және
7-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттілігінің негіздемесін жіберу қағидалары;
2) салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу