Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі №331 қаулысы

«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтардың және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтардың және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 24-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1..Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу тәртібін айқындайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Пайдаланылатын сақтау объектілері үшін тыйым салынған аудан шекарасы «Адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсер етуі бойынша арақашықтықты, жарылғыш зат массасын және жарықшақтардың жан-жаққа ұшу көрсеткішін есептеу алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 ақпандағы №78  бұйрығына сәйкес соққы толқыны, оқ-дәрілер жарықшақтарының және олардың фрагменттерінің шашырауы түріндегі зақымдау факторларының әсерінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ескеріліп есептеледі.

8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін үш ай мерзімде әскери бөлімнің қолбасшылығы:

1) әрбір сақтау орнына арнап жарылғыш зат (бұдан әрі – ЖЗ) бойынша оқ-дәрілердің сақталатын қорының адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсері бойынша арақашықтықтың есебі көрсетілген жоспарды әзірлейді және бекітеді;

2) А3 форматындағы сақтау объектісінің схемасына ЖЗ ең көп сақталатын сақтау орны бойынша оқ-дәрілер және олардың фрагменттері ықтимал жарылған кездегі зақым келетін аймақты түсіреді;

3) жоспарды және схеманы кейіннен келісу үшін оларды қағаз және электрондық жеткізгіштерде үш данада ведомстволық бағыныстылаққа байланысты тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне жолдайды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жоспарды және схеманы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды келісу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары 10 (он) жұмыс күні ішінде әрбір сақтау орнына жарылғыш зат бойынша оқ-дәрілердің сақталатын қорының адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсер етуі бойынша арақашықтықтың есебі ескерілген жоспарды және схеманы келіседі және тыйым салынған аймақтың және тыйым салынған ауданның шекарасын бекіту туралы қаулы шығарады.

10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекарасы келісілген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекарасы туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізуді қамтамасыз етеді.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекарасы туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде олардың шегінде орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бастама жасайды.»;

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

реттік нөмірі 2-жолмынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «03876 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауылдық округі, пошталық индексі 100300

»;

реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «30217 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіп торабы, 1-ші әскери қалашық, пошталық индексі 071400

8.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «10810 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз қаласы, Оңтүстік әскери қалашық,  пошталық индексі 070202

9.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «40398 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, пошталық индексі 040200

10.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «47007 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті, пошталық индексі 060607

11.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «15701 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы,  Алматы –Өскемен тасжолы, 1/3-ғимарат, пошталық индексі 070200

12.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «41446 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз қаласы, пошталық индексі 070200

13.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «32363 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, екінші желі, пошталық индексі 040800

14.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «18404 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық округі, 1-құрылыс, пошталық индексі 040013

15.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «12740 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі, Сарыөзек ауылы, №102 учаске, №8 әскери қалашық,
14-құрылыс, пошталық индексі 041100

16.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «29108 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі, Сарыөзек ауылы, №102 учаске, №8 әскери қалашық,
14-құрылыс, пошталық индексі 041100

17.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «74261 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 2, пошталық индексі 041300

18.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «62064 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, пошталық индексі 040800

»;

реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

20.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «21751 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Талдықорған қаласының әуеайлағы, пошталық индексі 040500

»;

реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

22.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «01852 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жанама ауылдық округі, 3-ші әскери қалашық әскери бөлімі, 1-ғимарат, пошталық индексі 040200

»;

реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

26.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «55078 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы, есептік орам 050, 65-құрылыс, пошталық индексі 041000

»;

реттік нөмірі 31-жол алып тасталсын;

реттік нөмірлері 38 және 39-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

38.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «68665 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Теміржол тұрғын алабы, Шалқар көшесі, 9/3-үй, пошталық индексі 010000

39.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «48386 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық округі, 1-құрылыс, пошталық индексі 040013

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                          Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу