03 Шілде 2025, 11:08
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынандай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;»;
367-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«367-2) әкімшілік органдардың байланыс-орталықтарының жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу