Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

«Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы
    31 желтоқсандағы № 1199 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:

реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

85.

Ағынды немесе жинақтаушы (сыйымды), электрлік емес су жылытқыштар; кептіргіштер: өзгелері, ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған; өзге де машиналар, агрегаттар және жабдықтар: кофеқайнатқыштар және кофе мен басқа да ыстық сусындар дайындауға арналған басқа да құрылғылар; дистилляцияға немесе ректификацияға арналған өзге де аппараттар, басқа да; бөліктер

8419 11 000 0-ден - 8419 19 000 0,

8419 34 000 0,

8419 40 000 9,

8419 81 200 0,

8419 89 989 0,

8419 90

».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу