Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі №755 қаулысы

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-техникалық тапсырма – стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған, осы жұмыстардың мазмұнына, көлеміне және орындалу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейтін бастапқы техникалық құжат;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;»;

6), 7), 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне және өзге де қатысушыларға берілетін бюджеттік және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;

7) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша грант алушы – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру туралы шарт жасасқан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары (бұдан әрі – грант алушы);

8) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы – ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын гранттық қаржыландыру туралы шарт жасасқан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері және өзге де қатысушылар (бұдан әрі – ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы);»;

3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және шарттарда қаржыландырудың әртүрлі нысандары бойынша бір мезгілде жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Базалық қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт базалық қаржыландыру субъектісі мен базалық қаржыландыру субъектісінің ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган арасында жасалады.

Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарт аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе дербес білім беру ұйымы және оның ұйымы мен уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

Іргелі ғылыми зерттеулерді іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі және уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті орган арасында олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

5. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, өздері үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және (немесе) мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – базалық қаржыландыру субъектілері) бөлінеді.

Уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарға базалық қаржыландыру бөлінбейді.

6. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және бекітеді.

7. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, жетекші ғалымдардың, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеуге, сондай-ақ субъектілердің ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Базалық қаржыландыру субъектілері уәкілетті орган бекіткен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген ғылыми ұйымдарды қоспағанда, уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген базалық қаржыландырудың бекітілген нормаларына сәйкес базалық қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді жыл сайын, жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей береді.»;

16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде ұлттық ғылыми-техникалық міндеттерді шешу мақсатында стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстық рәсімдерден тыс бөлінуі мүмкін.

17. Бағдарламалық-нысаналы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, жалпыұлттық басымдықтар, ұлттық даму жоспарлары, елдің аумақтық даму жоспарлары, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бағытталған басқа да бағдарламалар негіз болып табылады.

18. Салалық уәкілетті органдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттары туралы ұсыныстарды, сондай-ақ қаржыландыру көлемін көрсете отырып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-техникалық тапсырмаларды жібереді.

Салалық уәкілетті органдардың басым және мамандандырылған бағыттар бойынша ұсыныстарын уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сараптама орталығы) жібереді.

Сараптама орталығы басым және мамандандырылған бағыттар мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) қарауына жібереді.

Сараптама орталығы ҰҒК шешімдерін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға жібереді.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-техникалық тапсырмаларды ғалымдар, ҰҒК мүшелері, ғылым салалары бойынша мамандар, уәкілетті мемлекеттік органның, салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган қалыптастырған жұмыс тобы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың
1 сәуіріне дейінгі мерзімде әзірлейді.

ҰҒК шешімімен ұсынылған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары мен көлемдері жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ жұмыс тобы әзірлеген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-техникалық тапсырмаларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ЖҒТК) қарауына шығарады.

ЖҒТК жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеге (бұдан әрі – ЖҒТК туралы ереже) сәйкес белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.

Уәкілетті орган ЖҒТК шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ЖҒТК шешімін белгіленген тәртіппен қаржыландыру көлемдерін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

Ғылымды дамытудың басым бағыттары мен басым бағыттарға бөлінген, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемдері бойынша ЖҒТК шешім қабылдағаннан және РБК қарағаннан кейін уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдар жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЖҒТК бекіткен ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді, бекітеді және РБК шешімімен мақұлданған қаражат шегінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс жариялайды.

РБК қаржыландыру көлемін қысқартқан жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері РБК мақұлдаған қаражат көлемін басым бағыттар бойынша бөледі.

Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.»;

21, 22, 23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыруға ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды уәкілетті орган қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде МҒТС жүргізуді ұйымдастыру үшін сараптама орталығына жібереді.

22. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге конкурстық негізде және конкурстық рәсімдерден тыс іске асыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды сараптама орталығы МҒТС қағидаларында белгіленген рәсімдер жүргізілгеннен кейін тиісті ҰҒК-ның қарауына жібереді.

ҰҒК конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды, сондай-ақ олар бойынша экономикалық негізділікті бағалауды қамтитын МҒТС қорытындысын қарайды және қаржыландыру сомаларын көрсете отырып, қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешімдер шығарады және оларды ЖҒТК-ға жібереді.

23. ЖҒТК ҰҒК шешімдерінің негізінде іске асырылуы конкурстық негізде ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы конкурстан тыс рәсімдерді қаржыландыруға ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды мақұлдайды (қабылдамайды).

ЖҒТК шешімдері бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі нысаналы бағдарламалар мен ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімді қарастырады.

24. Уәкілетті орган салалық уәкілетті органдарға ЖҒТК мақұлдаған конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын нысаналы бағдарламалар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламалар бойынша мәліметтерді жібереді.»;

28-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) биоэтика мәселелері жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы;»;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген ғылыми-техникалық тапсырма;»;

29-тармақ алып тасталсын;

31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша нысаналы бағдарлама алуға үміткер қатысушы жеке әріптестің бағдарламаны қажетті ресурстармен, оның ішінде, қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз ете отырып қатысуын қамтамасыз етеді.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді (бағдарламаларды іске асырудың бірінші жылы (іске асыру мерзімі 1 (бір) жыл жобаларды қоспағанда), екінші жылы (іске асыру мерзімі 2 (екі) жыл бағдарламаларды қоспағанда) және іске асыру мерзімі үш жылға дейінгі бағдарламалар бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

Орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді (бағдарламаларды іске асырудың бірінші жылы (іске асыру мерзімі 1 (бір) жыл, екінші жылы (іске асыру мерзімі 2 (екі) жыл бағдарламаларды қоспағанда), үшінші жылы (іске асыру мерзімі 3 (үш) жыл бағдарламаларды қоспағанда), төртінші жылы (іске асыру мерзімі 4 (төрт) жыл бағдарламаларды қоспағанда) іске асыру мерзімі үш жылға дейінгі бағдарламалар бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бөлінеді. Гранттық қаржыландыру қаражатынан жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар жариялануы мүмкін.»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Сараптама орталығы басым және мамандандырылған бағыттар мен гранттық қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде олар бойынша шешімдер алу үшін оларды ҰҒК қарауына жібереді.

Сараптама орталығы ҰҒК шешімдерін жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға жібереді.»;

48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«48. ЖҒТК жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін ЖҒТК туралы ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті шешім қабылдайды.»;

54-тармақтың 9)  тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) биоэтика жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы;»;

55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс ғылымы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоспағанда, қатысушы жеке әріптестің жобаны қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен ішінара қамтамасыз ете отырып қатысуын қамтамасыз етеді.»;

85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«85. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушымен шарт жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне, бірақ 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.»;

90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«90. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша грант алушы траншты келесі жылы есепті жылдың аралық есебі бойынша ҰҒК-ның оң қорытындысынан кейін алады.»;

мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

«6-тарау. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру тәртібі

94. Уәкілетті орган бекіткен іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген, мемлекет жүз пайыз қатысатын мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен ғылыми ұйымдарды қаржыландыру археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім беру, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді.

95. Тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыру іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары бойынша ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, еңбекке ақы төлеуге, бес жылдан аспайтын мерзімге іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шығыстарға жұмсалады.

96. Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған қаражат іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.

97. Заңның 3-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

98. Мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салалық уәкілетті органдармен келісілген өтінімдерді және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді тізбеге енгізу үшін уәкілетті органға сараптама орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.

99. Өтінімдерді уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Заңның 27-1-бабы 1-тармағы талаптарының сақталуы, оның ішінде:

1) өтініш берушінің мемлекеттік ғылыми ұйым немесе мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйым мәртебесіне сәйкестігі;

2) өтінімнің археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім беру, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерге сәйкестігі;

3) орындаушы ретінде соңғы 3 (үш) жыл ішінде іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру тәжірибесінің болуы тұрғысынан тексереді.

100. Уәкілетті орган тексеру аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 99-тармағының талаптарына сәйкес келетін іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді МҒТС жүргізу үшін сараптама орталығына жібереді.

Өтінімдер осы Қағидалардың 99-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган барлық ескертулерді көрсетіп, 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды пысықтауға жібереді.

101. МҒТС, сондай-ақ сұратылатын сомалардың негізділігін бағалау МҒТС қағидаларына сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

102. Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдер МҒТС нәтижелерімен бірге сұратылатын қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін МҒТС аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде сарапшыға жіберіледі.

103. Өтінімді қаржыландырудың сұратылатын көлемінің негізділігін бағалау нәтижелері МҒТС нәтижелерімен бірге 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті ҰҒК-ға жіберіледі.

104. ҰҒК өтінімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы    
16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеге сәйкес қарайды.

105. Сараптама орталығы ҰҒК хаттамасынан үзінді түріндегі ҰҒК шешімдерін шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді.

106. Өтінімдері ҰҒК шешімімен мақұлданған мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға  ғылыми ұйым тізбеге енгізу үшін өтінімде және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімде көрсеткен қаржыландыру көлеміне бюджеттік өтінімдерді ҰҒК шешімі қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынады.

Қаржыландыру көлемі бойынша бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

107. Уәкілетті орган ҰҒК шешімімен мақұлданған өтінімдерді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды ЖҒТК қарауына жібереді.

108. ЖҒТК жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін ЖҒТК туралы ережеде белгіленген тәртіппен іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

109. Іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру туралы ЖҒТК-ның оң шешімі негізінде уәкілетті орган Заңның 27-1-бабына сәйкес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін бекітеді.

110. Уәкілетті орган қаржыландыру көлемдерін белгіленген тәртіппен РБК қарауына шығару үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ЖҒТК шешімін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

111. РБК қаржыландыру көлемдерін қысқартқан жағдайда РБК мақұлдаған қаражат көлемін уәкілетті орган тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдар арасында бөледі.

112. Тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдарды қаржыландыруды уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырады.

113. Тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдар РБК шешім қабылдаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен іргелі ғылыми зерттеуді іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасады.

114. Ғылыми ұйымдар бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде ұсынады.

Ғылыми ұйымдар бөлінген қаражатты пайдалану туралы есепте көрсетілетін ақпараттың анықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.

115. Тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдар ҰҒК-ға жыл сайынғы есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

116. ҰҒК ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есептерін, сондай-ақ іргелі ғылыми зерттеулердің іске асырылу барысын және олардың нәтижелілігін мониторингтеу нәтижелерін қарайды.

117. Тізбеге енгізілген ғылыми ұйым іргелі ғылыми зерттеулер жөніндегі ақпаратты (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру сомасы, өтінімнің қысқаша абстракті, күтілетін нәтижелер және алынған нәтижелердің жылдар бойынша аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) сараптама орталығына іргелі зерттеулерді іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын ұсынуға тиіс.

118. Іргелі ғылыми зерттеуді іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген іргелі ғылыми зерттеу аяқталғаннан кейін сараптама орталығы мемлекеттік құпиялар туралы және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын іргелі ғылыми зерттеулерді қоспағанда, іргелі ғылыми зерттеу бойынша ақпаратты (атауы, өтінім беруші, ғылыми жетекші, іске асыру кезеңі, қаржыландыру, өтінімнің қысқаша қол жеткізілетін нәтижелер және алынған нәтижелердің жылдар бойынша аннотациясы, толық библиографиялық сипаттамасы бар жарияланған жарияланымдардың тізбесі) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өзінің сайтында жариялайды.»;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына 1-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша»;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына 2-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына

2-қосымша»;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына 3-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына

3-қосымша»;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына 4-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына

4-қосымша»;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына 5-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына

5-қосымша»;

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына 6-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларына

6-қосымша»;

көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшадағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі №__ ғылыми-техникалық тапсырма»;

осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     Ә. Смайылов

 

қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу