Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №798 қаулысы

«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Жедел басқарма

бастық;

бастықтың орынбасары;

бөлім бастығы;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл.

Кезекші бөлім

бастық;

аға инспектор-кезекші;

инспектор-кезекші;

әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.

Режим, қадағалау және күзет басқармасы

бастық;

бастықтың орынбасары;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;

аға инспектор, инспектор.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы

бастық;

бастықтың орынбасары;

бөлім бастығы;

бас маман;

бас маман-психолог;

аға инспектор;

инспектор, инспектор-психолог.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасы

бастық;

бастықтың орынбасары;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл.

Кадр саясаты басқармасы

кәсіптік даярлық тобының бас маманы;

кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы

бастық;

бастықтың орынбасары;

бас маман;

аға инспектор;

инспектор.

Тергеу изоляторлары бөлімі (бөлімшесі, тобы)

бастық;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

аға жедел уәкіл;

жедел уәкіл.

Арнайы есепке алу бөлімі

бастық;

бас маман;

аға инспектор;

инспектор.

Медициналық қамтамасыз ету бөлімі

бөлім бастығы-дәрігер;

бас маман-дәрігер;

бас маман-мемлекеттік санитариялық дәрігер;

аға инспектор-дәрігер;

инспектор-дәрігер.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 5 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу