16 Қаңтар 2020, 11:34
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) оралмандарды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы 2031 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы 6962 адам деп белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу