Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №1122 қаулысы

Техникалық қарап тексеру операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсат беретін уәкілетті органды айқындау туралы

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі техникалық қарап тексеру операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсат беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.

2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі                                                            О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу