05 Наурыз 2025, 17:29
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
3 |
Мерзімді баспасөз басылымдарын және интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу |
Мерзімді баспасөз басылымдарын және интернет-басылымдарды есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу