Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі №337 қаулысы

«Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №1214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы №1214 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін меншік иесі және (немесе) оператор Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу