Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №558 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1576 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1576қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:

«Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген 001 бюджеттік бағдарламада:

«2014» деген бағанда:

бюджеттік бағдарламаның іс-шаралары:

«Министрліктің, комитеттің қызметін қамтамасыз ету» деген 3-жолдағы «608 900» деген сандар «625 228» деген сандармен ауыстырылсын;

бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:

«Орталық аппараттың және ведомстволардың қызметкерлерін ұстау» деген жолдағы «136» деген сандар «141» деген сандармен ауыстырылсын;

«бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «969 678» деген сандар «989 006» деген сандармен ауыстырылсын;

«Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуге тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету» деген 002 бюджеттік бағдарламада:

«2014» деген бағанда:

бюджеттік бағдарламаның іс-шаралары:

«Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары бойынша мердігерге берілуге тиіс мемлекеттік мүлікке бухгалтерлік есеп жүргізу» деген жолдағы «39 866» деген сандар «40 779» деген сандармен ауыстырылсын;

бюджеттік бағдарламаның тиімділік көрсеткіштерінде:

«Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесінің бір қызметкерін ұстауға кететін орташа шығындар» деген жолдағы «2 491,6» деген сандар «2 548,7» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «432 601» деген сандар «433 514» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің күрделі шығыстары» деген 015 бюджеттік бағдарламада:

«2014» деген бағанда:

бюджеттік бағдарламаның іс-шаралары:

«Материалдық-техникалық жарақтандыру және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және министрлікті, ведомстволарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» деген жолдағы «15 097» деген сандар «18 389» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «15 097» деген сандар «18 389» деген сандармен ауыстырылсын;

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген 024 бюджеттік бағдарламада:

«2014» деген бағанда:

бюджеттік бағдарламаның іс-шаралары:

«Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» деген жолдағы «15 272 637» деген сандар «17 272 637» деген сандармен ауыстырылсын;

бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:

«Аяқталған инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «20,7» деген сандар «18,3» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жалғастырылатын инвестициялық жобалар бойынша орындалатын жұмыстардың көлемі» деген жолдағы «79,3» деген сандар «81,7» деген сандармен ауыстырылсын;

бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде:

«Салынған газ құбырларының ұзындығы» деген жолдағы «181,9» деген сандар «657,9» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «15 272 637» деген сандар «17 272 637» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кіші бөлімде:

«2014» деген бағанда:

«Бюджеттік шығыстардың барлығы:» деген жолдағы «17 051 315» деген сандар «19 071 848» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «1 478 456» деген сандар «1 498 989» деген сандармен ауыстырылсын;

«001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген жолдағы «969 678» деген сандар
«986 006» деген сандармен ауыстырылсын;

«002 «Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуге тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету» деген жолдағы «432 601» деген сандар «433 514» деген сандармен ауыстырылсын;

«015 «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің күрделі шығыстары» деген жолдағы «15 097» деген сандар «18 389» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «15 572 859» деген сандар «17 572 859» деген сандармен ауыстырылсын;

024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдағы «15 272 637» деген сандар «17 272 637» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                           К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу