Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 458 қаулысы

Атырау қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Махамбет ауданы жерлерінің жалпы ауданы 7145 гектар бір бөлігін Атырау қаласының шегіне қосу жолымен Атырау қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы «Атырау облысы Атырау қаласы және Махамбет ауданының шекарасын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 264-VI шешіміне және Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 284 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                         А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу