Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

          көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

          1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

          «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚДБ) және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӨДҚ) жобалары тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылатын болады.»;

          4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

          «4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

          ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

          Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды ең жоғары сатып алу лимиті 104 млрд теңгеден аспауға тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

          АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.

          ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:

          1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;

          2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;

          3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуы тиіс.

          ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс пен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.

          Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.

          Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 млрд теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде (бұдан әрі – тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.

          ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.

          ҚДБ, ӨДҚ және ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.

          ҚДБ үшін жобаларды қаржыландыру лимиті 200 млрд теңгеден аспайтын болады.

          ӨДҚ үшін жобаларды қаржыландыру лимиті белгіленбейді, бұл ретте қаржыландырудың ең жоғары сомасы 100 млрд теңгеден аспайды.

          ҚДБ импортқа тәуелділікті азайтуға және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған маңызды жобаларға кредит беруді жүзеге асырады.

          Бұл ретте ҚДБ жобаларына кредит беру Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

          Қаржыландыру мерзімі 5 жылдан асатын және қаржыландыру сомасы 5 млрд теңгеден асатын ӨДҚ жобаларын субсидиялау Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

          Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі, ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап
12 айдан аспауы тиіс.

         Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.

      Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ҚДБ, ӨДҚ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.»;

7-тармақта:

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«кредит беру/қаржылық лизинг, субсидиялау және кепілдік беру мерзімін,
10 жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды бере алады.»;

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қаржыландыруды және қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ӨДҚ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

Өңдеу өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қызметтер және қайта өңдеу бойынша ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ЖКС-нің ЕДБ, ӨДҚ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 % ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінің қолданысы 2018 жылғы
11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Инвестицияларға жұмсалған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 жылдан аспайды.

Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайды.

Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын ЕДБ кредиттеріне/ЛК қаржылық лизингіне кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.

Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепілдік құнын) кәсіпкер жабады.

Қаржылық лизинг бойынша ЖКС лизинг нысанасы құнының кемінде 20 %-ы мөлшерінде өзінің қаражатымен (ақшасымен) қатысуды қамтамасыз етеді.

Қаржылық лизинг бойынша жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылдауға жол беріледі.

Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

Кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобалардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қаржы агенттігі:

1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті немесе қаржылық лизингті нысаналы пайдалануын мониторингтеуді;

2) ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға, АНК-ге және ЛК-лер бойынша қаржылық лизинг ұсынылған қаражатты мақсатты және уақтылы қаржыландыру жөнінде ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады.

ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға, АНК-ге берілген қаражаттың және ЛК-лер бойынша қаржылық лизингтің мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

Бөлінетін қаражаттың экономикалық нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қаржы агенттігіне ЖКС келісімі болған жағдайда салықтық құпия болып табылатын және мынадай:

салық салуға жатпайтын кірістерді ескере отырып, жиынтық жылдық кіріс;

шетелдік көздерден алынатын, салық салынатын кіріс;

өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша шығыстар;

қызметкерлердің есептелген кірісі бойынша шығыстар;

таза кіріс;

қызметкерлердің (адамдардың) саны;

бір қызметкерге шаққандағы орташа айлық жалақы;

салық төлемдерінің сомалары туралы ақпарат қамтылған мәліметтерді береді.

ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ЕДБ, ЛК және АНК ішкі саясатына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК ЖКС кредиттері мен қаржылық лизингін мониторингтеуді жүргізеді.»;

басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымшада:

басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесінде:

реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

43

Басқа тауар позициялары

131.

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдары өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, тығыздалған маталар өндірісі.
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі.

Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі.

Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау.

Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, созылмалы киім өндірісі

132.

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі.

Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі.

Гауһар өңдеу.

Бағалы металдардан және бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай асыл тастардан немесе бағалы металдар мен асыл немесе жартылай асыл тастардың немесе өзге де материалдардың қосындысынан құнды заттар жасау.

Бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау.

Бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван жабыны бар анодтар және т.б. жасау.

Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған бағалы металл білезіктер жасау.

Металдан жасалған бағалы дербес және бағалы емес бұйымдарды нақыштау

133.

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен дәке өндірісі.

Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі.

Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т.б. жасау.

Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі.

Көз протездерін жасау.

Офтальмологиялық бұйымдар, көруді бейімдеуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер, катетерлер, канюля және т.б. өндірісі.

Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі.

Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі.

Зертханалық стерилизаторлар өндірісі.

Стоматологиялық құралдар өндірісі.

Медициналық термометрлер өндірісі.

Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі.

Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.

Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, орнатылған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі.

Диализаторлар өндірісі

134.

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдер өндірісі

3299

Жеке қорғаныш құралдарының, респираторлар және т.б. өндірісі

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

*** Үйінділерден алынған тас көмір.»;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі субсидиялау үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама мен Тетік бойынша толық игерілгенге дейін жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер есебінен аударады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялау үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына Бағдарлама мен Тетік бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Бағдарлама/Тетік шеңберінде субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарлама)/Тетік шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

Республикалық бюджеттен субсидиялауға бөлінген және Бағдарлама/Тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражат Бағдарлама/Тетік шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

«6-2. Бұрын бекітілген «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда әрекет етеді.»;

7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері және өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;»;

30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларын (осы тармақша 2020 жылғы
20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялар қызметін қоспағанда, өздерінің және тиімді жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

31. Мынадай:

1) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) овердрафт түріндегі;

4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

5) кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мынадай қызмет түрлері бойынша іске асыратын жобалар: тұрғын ғимараттар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үйлер (ЭҚЖЖ 41.20.1); Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін
1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу (ЭҚЖЖ 41.20.3); көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жекежайларды) сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.1); басқа жылжымайтын мүлікті: көрме залдарын, қойма үй-жайларын сатып алуды және сатуды қоспағанда, басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.2), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20.1), сондай-ақ меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару: тұрғын емес өндірістік ғимараттар (үй-жайлар); көрме залдары, конференц-залдар, қойма үй-жайлары мен қойма алаңдары, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, магистральдық құбыржолдардың және газ тарату жүйелерінің қажеттіліктері үшін сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары бар; жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жалға алынатын жылжымайтын мүлікті (ЭҚЖЖ 68.20.2), сондай-ақ жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалға алу (субаренда) және пайдалану: тұрғын емес өндірістік ғимараттар (үй-жайлар), көрме залдары, конференц-залдар, қойма үй-жайлары және қойма алаңдары, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау жөніндегі резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік
үй-жайлардың шатырлары бар алаңдар; автомобильдерді жалдау және лизинг (ЭҚЖЖ 77.1), бұл шектеулер отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға беруге және лизингке беруге қатысты емес;

6) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.»;

32-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалар шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақша 2020 жылғы
20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Бір кәсіпкер үшін 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі кредиттерге сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп-қисаптар жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысы жоқ өзге де мақсаттарды қоспағанда) жол беріледі.»;

42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы қолданыстағы барлық кредиттерді ескергенде бір кәсіпкер үшін 7 (жеті) млрд теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді. Қаржыландыру сомасы 5 (бес) млрд теңгеден асатын даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд теңгеден аспайды.

Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.

Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялар Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.

43. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығысыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған, субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылдық жобалар бойынша қосымша 2 (екі) жылға қаржы агенттігі ұзартуды мақұлдаған күні қолданыста болатын шарттармен ұзартуға болады (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойылған сәттен бастап 5 (бес) жылдан аспайды). Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлерді субсидиялаудың қолданыстағы шарттары бойынша қаржы агенттігінің қосымша 2 (екі) жылға мерзімін ұзарту/ұзартпау туралы шешімі кәсіпкерді ол өтініш берген күнге санатқа бөлмей қабылданады.

3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту қаржы агенттігі мақұлдаған кезде бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын қаржы агенттігіне қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

Қаржы агенттігінің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік
45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

Кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша мерзімі шегерілген кезде өкім және/немесе өзге де құжат және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерілген мерзімге ұзартылады.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет cубсидиялайды.

Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау субсидиялау мерзімі шектелмей жүзеге асырылады, бұл ретте даму банкінің субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылдан астам жобалары Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша субсидиялауға жіберіледі.»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларын қоспағанда, заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларын олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда субсидиялауға жол беріледі:

1) Шымкент қалаласында – сауда алаңы кемінде 3 (үш) мың шаршы метр;

2) облыстарда – кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар:

осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу жөніндегі;

осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жөніндегі;

осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар шеңберіндегі кредиттер/лизинг бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/лизингтік мәмілелер қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер деп түсініледі.

Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кредит сомасының 50 %-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға жол беріледі.

Бұл шектеу банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

Банктердің меншікті қаражаты есебінен Тетіктің шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.

Басқа банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

Бұл ретте банктердің даму банкімен синдикатталған кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.»;

75-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк/даму банкі/лизингтік компания осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мақұлдаған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания оларды банктiң/даму банкінiң/лизингтік компанияның кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi. Банктің/даму банкінiң/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір уақытта жіберіледі.»;

76-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан түскен құжаттарды Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;

81-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.»;

82-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша мерзімі шегерілген кезде өкім және/немесе өзге де құжат және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерім ұсынылған мерзімге ұзартылады.»;

86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«86. Банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар:

1) кредит беру шарттарының жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын;

3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға (кедендік тазарту жөніндегі қызметтерді, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтерін өтеу) байланысты;

5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.»;

87-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87-4. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 %-ын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Бұл ретте мемлекеттің номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мөлшері мынадай болады:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша төлемдерді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) төлеген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма;

2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы, бірақ 12 %-дан аспайтын айырма.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18 %-дан асатын кредиттік шарттары/лизингтік мәмілелері, оның ішінде 2020 жылғы 16 наурыздан бері төлемдерді төлеу жүзеге асырылмаған кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша номиналды мөлшерлемені банк/лизингтік компания 18 %-ға дейін төмендетуге (қайта құрылымдауға) тиіс.

Осы Субсидиялау қағидаларына 9-1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиті бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18 %-дан аспауға тиіс.»;

87-5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Субсидиялау қағидаларына 9-1-қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 30 маусымға дейін (қоса алғанда) қызметін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері де субсидиялауға жатады.»;

87-7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;

87-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87-9. Осы Субсидиялау қағидаларына 9 және 9-1-қосымшаларға сәйкес ЭҚЖЖ бойынша экономиканың ең көп зиян шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2021 жылғы 1 тамызға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:

1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

2) осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 112-1-тармақпен толықтырылсын:

«112-1. Тиісті уәкілетті органнан/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.»;

123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«123. Бағдарлама/Тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражатты аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.»;

129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«129. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«148. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілейді.»;

151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«151. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда бір мезгілде банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу графигін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына/мезониндік келісімге қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын жібереді.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесінде:

реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

28

Басқа тауар позициялары

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, тығыздалған маталар өндірісі.
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі.

Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі.

Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау.

Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, созылмалы киім өндірісі

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі.

Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі.

Гауһар өңдеу.

Бағалы металдардан және бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай асыл тастардан немесе бағалы металдар мен асыл немесе жартылай асыл тастардың немесе өзге де материалдардың қосындысынан жасалған құнды заттар жасау.

Бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау.

Бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван жабыны бар анодтар және т.б. жасау.

Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған бағалы металл білезіктер жасау.

Металдан жасалған бағалы дербес және бағалы емес бұйымдарды нақыштау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен дәке өндірісі.

Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі.

Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т.б. жасау.

Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі.

Көз протездерін жасау.

Офтальмологиялық бұйымдар, көруді бейімдеуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер, катетерлер, канюля және т.б. өндірісі.

Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі.

Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі.

Зертханалық стерилизаторлар өндірісі.

Стоматологиялық құралдар өндірісі.

Медициналық термометрлер өндірісі.

Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі.

Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.

Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, орнатылған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі.

Диализаторлар өндірісі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдер өндірісі

3299

Жеке қорғаныш құралдарының, респираторлар және т.б. өндірісі

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

*** Үйінділерден алынған тас көмір.»;

көрсетілген Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1 және
2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада:

реттік нөмірлері 24, 48, 49 50, 51, 102, 104, 106 және 107-жолдар алып тасталсын;

осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі субсидиялау үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама бойынша толық игерілгенге дейін жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер есебінен аударады. 

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялау үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына Бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады.

6. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы) шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

Республикалық бюджеттен субсидиялауға бөлінген және Бағдарлама шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.

Бұрын бекітілген «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Бағдарлама бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы
1 қаңтардан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

Қаржыландырудың кез келген ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мыналар:

1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған қаржыландыру;

2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

3) овердрафт түріндегі;

4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

5) кәсіпкерлер мынадай қызмет түрлері бойынша іске асыратын жобалар: тұрғын ғимараттар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үйлер (ЭҚЖЖ 41.20.1);
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу (ЭҚЖЖ 41.20.3); көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жекежайларды) сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.1); басқа жылжымайтын мүлікті: көрме залдарын, қойма үй-жайларын сатып алуды және сатуды қоспағанда, басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.2), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20.1), сондай-ақ меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару: тұрғын емес өндірістік ғимараттар (үй-жайлар); көрме залдары, конференц-залдар, қойма үй-жайлары мен қойма алаңдары, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, магистральдық құбыржолдардың және газ тарату жүйелерінің қажеттіліктері үшін сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары бар; жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жалға алынатын жылжымайтын мүлікті (ЭҚЖЖ 68.20.2), сондай-ақ жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалға алу (субаренда) және пайдалану: тұрғын емес өндірістік ғимараттар (үй-жайлар), көрме залдары, конференц-залдар, қойма үй-жайлары және қойма алаңдары, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау жөніндегі резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары бар алаңдар; автомобильдерді жалдау және лизинг (ЭҚЖЖ 77.1), бұл шектеулер отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға беруге және лизингке беруге қатысты емес;

6) микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне
100 (жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның 12-бөлімінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Бағдарлама шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген),
сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға бере алады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама бойынша толық игерілгенге дейін жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер есебінен аударады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына Бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады.

6. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Республикалық бюджеттен субсидиялауға бөлінген және Бағдарлама шеңберінде пайдаланылмаған қаражат Бағдарлама шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.»;

7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;»;

9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобалар (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады).»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның 9-бөлімінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Даму» қоры осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Бағдарлама шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ұсына алады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

3-1 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1. Кепілдік беру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кепілдік беру үшін көзделген қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама мен Тетік бойынша толық игерілгенге дейін жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер есебінен аударады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кепілдік беру үшін көзделген арналған қаражатты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына Бағдарлама мен Тетік бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кепілдік беру үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде Бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады.

Тетік шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру кезінде кепілдіктер сомасының 20 % мөлшеріндегі қаражат шығарылған кепілдіктер үшін төлемақы болып табылады. Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру Бағдарламада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты өз қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.

Бұл ретте нарық жағдайларында банк кредиттері бойынша даму банкі кепілдіктерін беруге жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

«4-2. Республикалық бюджеттен кепілдік беруге бөлінген және Бағдарлама/Тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты Тетік/Бағдарлама шеңберінде жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.

4-3. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит сомасы 1 (бір) млрд теңгеден асатын Тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Бұл норма қаржы агенттігі тарапынан 1 (бір) млрд теңгеге дейінгі сомадағы кредиттерге кепілдік беруді көздейтін шарттар күшіне енгенге дейін шешім қабылданған жобалар бойынша қолданылады.

4-4. Бұрын бекітілген «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.»;

5-тармақта:

4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1) даму банкі – «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері және өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;»;

13-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13-2) лизингтік компания – Тетікке қатысатын лизингтік компания;»;

24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға сомасы 100 млн теңгеден аспайтын кредиттерден басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының
4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер іске асыратын жобаларды (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

3) микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялар қызметін қоспағанда, тиімді жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатысушылар болып табылады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Бағдарлама шеңберінде:

1) мүліктік кешен ретінде ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;

2) даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

4) овердрафт түріндегі;

5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

6) кредит алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері;

7) кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері мынадай қызмет түрлері бойынша іске асыратын жобалар: тұрғын ғимараттар құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үйлер (ЭҚЖЖ 41.20.1); Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін
1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін салу (ЭҚЖЖ 41.20.3); көппәтерлі және тұрғын үйлерді (жекежайларды) сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.1); басқа жылжымайтын мүлікті: көрме залдарын, қойма үй-жайларын сатып алуды және сатуды қоспағанда, басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату (ЭҚЖЖ 68.10.2), жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, меншікті жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20.1), сондай-ақ меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару: тұрғын емес өндірістік ғимараттар (үй-жайлар); көрме залдары, конференц-залдар, қойма үй-жайлары мен қойма алаңдары, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, магистральдық құбыржолдардың және газ тарату жүйелерінің қажеттіліктері үшін сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік үй-жайлардың шатырлары бар; жекелеген кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жалға алынатын жылжымайтын мүлікті (ЭҚЖЖ 68.20.2), сондай-ақ жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалға алу (субаренда) және пайдалану: тұрғын емес өндірістік ғимараттар (үй-жайлар), көрме залдары, конференц-залдар, қойма үй-жайлары және қойма алаңдары, оның ішінде жеке меншік теміржол кірме жолдары, тіркелген кеден қоймалары, сұйықтықтарды (мұнай өнімдерін) сақтау жөніндегі резервуарлары, жер учаскелері, технологиялық ресурстарды орналастыру мақсатында өндірістік
үй-жайлардың шатырлары бар алаңдар; автомобильдерді жалдау және лизинг (ЭҚЖЖ 77.1), бұл шектеулер отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға беруге және лизингке беруге қатысты емес;

8) микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Бағдарлама шеңберінде банктер:

1) кредит беру шарттарының кәсіпкерлер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;

3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Кепілдік кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының
4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобаларын қоспағанда, франчайзингті сатып алу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін және/немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде салалық шектеулерсіз берілетін кредиттер бойынша да беріледі. Осы тармақ 2020 жылғы
20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Ішінара кепілдік беру:

1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының көлемі кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған;

2) жоба шеңберінде кредит 100 % мөлшерде сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда);

3) жоба шеңберінде 100 % мөлшеріндегі кредит Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша жылдық 8 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (бұл жағдайда берілетін кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды);

4) кредит сауда қызметі саласында 100 (жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға бір кәсіпкерге бағытталған жағдайларда айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Мыналар:

осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша;

осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша;

осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша жобалар шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес банктер/лизингтік компаниялар (даму банкін қоспағанда) инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатады.»;

44-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44-3. Қаржы агенттігі төлеген банк/лизингтік компания талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизингі бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.»;

46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 % аспайтын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизингтері кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

47. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.

Бұл ретте кредит (кепілдік құны) бойынша қамтамасыз етудегі айырманы кәсіпкер жабады.

Кәсіпкер қаржылық лизинг бойынша лизинг нысанасы құнының кемінде
20 %-ы мөлшерінде қатысуды өз қаражатымен (ақшасымен) қамтамасыз етеді.

Қаржылық лизинг бойынша қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.»;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Тетік шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар:

1) кредит беру/қаржылық лизинг шарттарының кәсіпкердің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;

3) кепіл/лизинг затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға байланысты;

4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен/қаржылық лизингпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге төлемдер алмайды.»;

61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді. Қаржы агенттігі кепілдік беру шарттары қолданысының тоқтатылуы есебінен босаған қаражат болған кезде жобаларға кепілдік беруді жалғастырады.»;

66-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының қарауына шығарады.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға өтінім берген, сондай-ақ банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынған кезде өтінім берген күні салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан
10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.»;

68-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке/лизингтік компанияға анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.»;

69-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«69. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімі бар хат жібереді, онда мынадай шарттар көрсетіледі:»;

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

1) банк/лизингтік компания мен кәсіпкер банктік қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хаты келіп түскеннен кейін банктің/лизингтік компанияның қалауы бойынша кредит сомасының 50 % дейінгі мөлшерінде ішінара кредит беруге жол беріледі;

2) қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан кредиттік шарттың/қаржылық лизинг шарттың көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке/лизингтік компанияға жібереді;

3) банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

4) банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/қаржылық лизинг беруді жүзеге асырады;

5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк/лизингтік компания тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің тоқсанына бір реттен аспайтын сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесінде:

реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

28

Басқа тауар позициялары

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, тығыздалған маталар өндірісі.
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі.

Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі.

Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау.

Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, созылмалы киім өндірісі

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі.

Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі.

Гауһар өңдеу.

Бағалы металдардан және бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай асыл тастардан немесе бағалы металдар мен асыл немесе жартылай асыл тастардың немесе өзге де материалдардың қосындысынан жасалған құнды заттар жасау.

Бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау.

Бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван жабыны бар анодтар және т.б. жасау.

Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған бағалы металл білезіктер жасау.

Металдан жасалған бағалы дербес және бағалы емес бұйымдарды нақыштау

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен дәке өндірісі.

Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі.

Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т.б. өндіру.

Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі.

Көз протездерін жасау.

Офтальмологиялық бұйымдар, көруді бейімдеуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер, катетерлер, канюля және т.б. өндірісі.

Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі.

Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі.

Зертханалық стерилизаторлар өндірісі.

Стоматологиялық құралдар өндірісі.

Медициналық термометрлер өндірісі.

Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі.

Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.

Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, орнатылған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі.

Диализаторлар өндірісі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдер өндірісі

3299

Жеке қорғаныш құралдарының, респираторлар және т.б. өндірісі

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

*** Үйінділерден алынған тас көмір.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік гранттарды беру мақсатында уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударады.»;

20-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Бағдарлама шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ұсынуға құқылы;»;

жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшада:

«7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер (өтінімді электрондық нысанда берген кезде көрсету)» деген кіші бөлімнің кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf форматы)

1

2

3

1

Бизнес-жоба

 

2

Кәсіпкердің Бағдарлама және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжат (бар болса)

 

3

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 % ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


 

»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

«Кәсіпкер мынамен келіседі:» деген кіші тақырыптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Бағдарлама шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ұсынуға құқылы.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Бағдарлама шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға ұсынуға құқылы.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен аударады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге арналған қаражат Бағдарлама шеңберінде, сол сияқты «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінің шеңберінде пайдаланылуы мүмкін.»;

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы. Нысаналы пайдалану нысаналы пайдаланылуын растау кәсіпкердің активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу және (немесе) Бағдарламаның талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізу бойынша мәміленің толық көлемде төленгенін растау болып табылатын портфельдік ішінара кепілдік беру жобаларын қоспағанда, кәсіпкердің активтің/жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің ақысын төлегенін және толық көлемде алғанын және (немесе) Бағдарламаның шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады;»;

7-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ қалауы бойынша өтейді.»;

54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«54. Қаржы агенттігі:

«1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберу шартымен осы Қағидалардың
50-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредиттік қаражатты өз бетінше нысаналы пайдаланбағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

Инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша қаржы агенттігі іріктеп мониторинг жүргізеді.

Осы тармақ 2020 жылғы 30 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.».

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      А. Мамин

 

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу