04 Шілде 2024, 15:16
«Реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №1016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1016 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы
1-тармағының 1-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
|
О. Бектенов |
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу