Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №174 Қаулысы

«Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: 

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

Ережелер

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу