Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №349 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №267 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.»;

мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

«25. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсына Ұлттық қор қаражатын басқару және пайдалану жөніндегі ақпаратты жартыжылдық негізде орналастырып тұрады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидаларында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 133-бабының
5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібін айқындайды.»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133 және 134-баптарына сәйкес жүргізіледі.»;

4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының
1-тармағына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жылдық есепті жүргізілген сыртқы аудит нәтижелерімен қоса ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілікке бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және бас бухгалтері қол қояды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

1-қосымша

2-қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу