Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы №447 Қаулысы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

8-қосымшаға ескертпелердің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Спорт төрешілеріне спорттың ойын түрлерінен басқа спорттық жарыстардың бір күніне қызмет көрсеткені және ұйымдардың спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарлары бойынша өткізілетін спорттың ойын түрлері бойынша спорттық жарыстардың бір ойынына, бірақ күніне екі ойыннан көп емес ойынға қызмет көрсеткені үшін:

2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) халықаралық санаттағы спорт төрешісіне БЛА-дан 45%;

2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 36%;

3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 30%;

4) бірінші санатты спорт төрешісіне БЛА-дан 24%;

5) спорт төрешісіне БЛА-дан 21% төленеді;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) халықаралық санаттағы спорт төрешісіне БЛА-дан 75%;

2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 65%;

3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 55%;

4) бірінші санатты спорт төрешісіне БЛА-дан 45%;

5) спорт төрешісіне БЛА-дан 40% төленеді;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) халықаралық санаттағы спорт төрешісіне БЛА-дан 100%;

2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 90%;

3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 80%;

4) бірінші санатты спорт төрешісіне БЛА-дан 70%;

5) спорт төрешісіне БЛА-дан 60% төленеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                   Ә. Смайылов

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу