16 Қыркүйек 2019, 18:08
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 56, 770-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу