Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қазандағы №806 Қаулысы

 

«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №327 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 16, 153-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«

3

«Қапшағай-Күрті» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-67 км «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» Орталық –Оңтүстік дәлiзiн реконструкциялау

39134495,16 мың теңге

2019-2022

34479731,42 мың теңгеге дейін

«ҚазАвто-Жол» ұлттық компания-сы» акционерлік қоғамы

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі

».

2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу