Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы №1014 қаулысы

Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Байзақ және Жамбыл аудандарының  жалпы ауданы 12 906,7 гектар болатын жерінің бір бөлігін қосу арқылы Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 бірлескен шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі                                       О. Бектенов

 

 

Қосымша                                        

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу