Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы №1015 қаулысы

«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

32.

Резеңке техникалық бұйымдар өндіру

22191

республикалық меншік / коммуналдық меншік

1) «Орал «Зенит» зауыты» акционерлік қоғамы;
2) «Тыныс» акционерлік қоғамы;
3) «С.М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамы;
4) «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы;
5) «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы;

6) «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы

үнемі

»;

        реттік нөмірі 132-жол мынадай редакцияда жазылсын:

        «

132.

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35112

республикалық меншік / коммуналдық меншік

1) «Шардара СЭС» акционерлік қоғамы;
2) «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» акционерлік қоғамы;
3) «Балқаш жылу электр станциясы» акционерлік қоғамы;
4) «АЭС Өскемен ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
5) «АЭС Шүлбі ГЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
6) «Казгидротехэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7) «SAMRUK-GREEN ENERGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

8) «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы

үнемі

»;

реттік нөмірі 166-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

166.

Су құрылысжайларын салу

42910

республикалық меншік / коммуналдық меншік

1) «Кен-Кұрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Oil Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3) «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы

үнемі

».

          2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі                                                     О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу