Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы №1018 қаулысы

«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                  О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу