Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1095 қаулысы

«Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы №284 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының  5-тармағына, 14-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 14-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу