30 Сәуір 2014, 17:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 264-құжат);
2) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 8, 10-құжат);
3) «Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 693-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу