Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы №586 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Қоса беріліп отырған:

  2. 1) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  3. 2) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  4. 3) «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

  5. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

  6. 1) 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшін жоятын 1-тармақтың 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 949-құжат);

    1. 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013г., № 26, 416-құжат).

    2. 3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу