Жарияланды:
Сейсенбі, 02 Маусым 2020
Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қаржылық сауаттылықты арттырудың
2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
- Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
- Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
- есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (келісу бойынша) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қосымша