Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №526 қаулысы

 

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

 

«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың  әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;

2) есепті айдан кейінгі айдың 8-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу