Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №527 қаулысы

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу