07 Шілде 2026, 10:05
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3-тармақтың 2) тармақшасының отыз бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық» мәртебесі бар мемлекеттік архивтердің, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициенті қолданылып айқындалады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, архив ісі, спорт және ветеринария жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;»;
көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
1) |
Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi |
|
25 %-дан кем емес |
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
».
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
осы қаулының 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу