Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы

«Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., №20, 108-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларында және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібінде:

22-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың төмендетілген мөлшерлемелерінің қолданылуын шектеудің үш жылдық мерзімі акцияларының бақылау пакеті ұлттық компанияға және/немесе дауыс беретін акцияларының 70 және одан да көп пайызы ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғаға қатысты қолданылмайды.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу