Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1122 қаулысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері
60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу