Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» наурыздағы № 165 қаулысы

«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 489-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу