Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы

Жарияланды: Сейсенбі, 13 Сәуір 2021

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж.,
№ 67-68, 477-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

7-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі –
№ 436 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы;»;

мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

«19-1) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;»;

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас түрінде кредит/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда Бағдарлама шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.

Секьюритилендіру тетігі арнайы қаржы компаниясының банк бөлген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысанын көздейді;»;

32-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобалар деп кәсіпкерлердің, оның ішінде «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші және екінші бағыттары шеңберінде 2017 – 2019 жылдар кезеңінде мемлекеттік қолдау алған, қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кірістің: негізгі қызметтің өткізілген тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін кызметтерінің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін жобалар түсініледі. Бұл ретте кәсіпкерлердің жобалары бойынша 2017 – 2019 жылдар кезеңінде мемлекеттік қолдау алғандарды қоса алғанда, тиімділік өлшемшарттарын орындауға қол жеткізілмесе, бірақ жоба іске асырылып жатса (кәсіпкер банкроттық/тарату/оңалту сатысында болмаса, 2 (екі) қаржы жылында корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы бойынша нөлдік көрсеткіштері бар салықтық есептілігі болмаса) және нысаналы пайдаланылуы толық көлемде расталған болса, аталған жобалар Бағдарлама шарттарына сәйкес келеді деп есептеу қажет.

Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілері іске асыратын жобаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалар шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.»;

36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін бір кәсіпкер үшін 100 (бір жүз) млн. теңгеден аспайтын сомаға субсидиялау жүзеге асырылады.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 500 (бес жүз) млн. теңгеге дейінгі кредиттерге сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп-қисаптар жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысы жоқ басқа да мақсаттарды қоспағанда) жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

«53-1. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі меншікті қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Банктер/лизингтік компаниялар:

осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жөніндегі;

осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру жөніндегі;

осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобалар шеңберіндегі кредиттер/лизинг бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/лизингтік мәмілелер қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер деп түсініледі.

Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кредит сомасының 50 %-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға жол беріледі.

Бұл шектеу банктердің/лизингтік компаниялардың және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

Банктердің меншікті қаражаты есебінен Тетіктің шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жөніндегі жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.

Басқа банктен/лизингтік компаниядан қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

Бұл ретте банктердің даму банкімен синдикатталған кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.»;

75-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі жобаларға/лизингтік мәмілелерге 10 (он) миллиард теңгеден асатын сомаға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақта көрсетiлген құжаттарды банк/лизингтік компания мақұлдаған жағдайда банк/лизингтік компания оларды банктiң/лизингтік компанияның кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi. Банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір уақытта жіберіледі.»;

76-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/лизингтік компаниядан түскен құжаттарды Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;

81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«81. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның
5%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейтін болады, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютамен беріледі.

Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;

84-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте қаржы агенттігі тиісті бағыттар бойынша субсидиялар сомалары бөлінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы банкті/лизингтік компанияны хабардар етеді.»;

86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«86. Банктер/лизингтік компаниялар:

1) кредит беру шарттарының жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзуының себебі бойынша алынатын;

3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

4) қаржылық лизинг шартын орындауға (кедендік тазарту жөніндегі қызметтерді, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтерін өтеу) байланысты;

5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.»;

87-6 және 87-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«87-6. Банк кредиттер бойынша негізгі борышты және номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша мерзімін кейінге шегіндірген кезде субсидиялау көзделген қаражатты қаржы агенттігі банкке аударады және ол мерзімін кейінге шегіндіру кезеңі аяқталғаннан кейін пайдаланылатын болады. Бұл ретте егер төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне есептелген сыйақы сомасы мерзімін кейінге шегіндіру шеңберінде 2021 жылғы 15 наурыздан кейінгі кезеңге ауыстырылса, онда мұндай мерзімі кейінге шегіндірілген төлемдер мерзімін кейінге шегіндіру кезеңінде субсидиялануға жатады.

87-7. Егер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейінгі (қоса алғанда) кезеңде қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеген жағдайда, осы кезеңге есептелген субсидиялау сомасы қарыз алушының ағымдағы шотына есепке жатқызылады.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 20 қазанға дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға банктің/лизингтік компанияның хаты және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесі не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі (төлемдер тізілімі) және тиесілі субсидиялар сомасы және субсидияларды төлеу үшін қажетті деректер (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) негізінде төленеді.»;

87-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87-9. Экономиканың ең көп зиян шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2021 жылғы 1 шілдеге дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:

1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

2) осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.»;

87-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87-11. Қаржы агенттігі мақұлдаған экономиканың ең көп зиян шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесін не тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген және субсидиялар төлеу үшін қажетті деректері (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін (төлемдер тізілімін) ұсынады.

Бұл ретте алуға тиесілі субсидия сомасын банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының нормаларын ескере отырып, дербес есептейді, қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді жүзеге асырмайды.

Қарыз алушының кредиттері/лизингтік мәмілесі бойынша төлемдер кестесі өзгерген жағдайда (кредитті/лизингтік мәмілені ішінара өтеу, қайта құрылымдау және өзге де себептер) банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасы/өзгертілген тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдер кестесін ұсынады.

Қаржы агенттігі қаражатты аударуды банк/лизингтік компания ұсынған субсидиялардың тиесілі сомалары көрсетілген төлемдер кестесіне/ төлемдер тізіліміне сәйкес қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып (қажет болған кезде) жүргізеді.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

2-тармақта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға
2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар өндірісі (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.), жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері;»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. 

Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар деп кәсіпкерлердің қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.»;

63-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);

қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемесі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлер жобалары бойынша) көрсетіледі.»;

105-тармақтың 7) тармақшасында «талап ету фактілерін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.» деген сөздер «талап ету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамау (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша) фактілерін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) биржасының тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, оның ішінде АХҚО биржасының тізіміне қосылған эмитенттердің облигациялары бойынша субсидиялау эмитенттердің облигациялар бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.»;

7-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) АХҚО биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

1-2) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясында қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға
2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар өндірісі (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.), жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаруды жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кәсіпкер – өз қызметін салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын (сауда қызметі саласындағы жобаларды қоспағанда (айналым қаражатын толықтырудан басқа) және Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигациялар түріндегі қаржы құралдарын шығаратын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне, сондай-ақ АХҚО биржасының тізіміне қосылған, олар бойынша қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын облигациялар;»;

13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«13) қор биржасы – акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе АХҚО-ға тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

14) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасы мен АХҚО биржасы бағалы қағаздарының ресми тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына қосу, оларды қосу және онда болуы үшін оларда қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екіжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне қосылған, сондай-ақ АХҚО биржасының тізіміне қосылған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;»;

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін және облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды сатып алу;

2) айналым қаражатын толықтыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге, бірақ облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 %-ынан аспайтын облигациялар шығару шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру болып табылатыны көрсетілген облигацияларды қоспағанда, осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шеңберінде субсидияланатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасы мен АХҚО биржасының ресми тізіміне қосылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

Эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін айналым қаражатын толықтыруға 500 (бес жүз) млн. теңгеге дейін, ал сауда қызметі саласында 100 (бір жүз) млн. теңгеден аспайтын мөлшерде (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) субсидиялауға жол беріледі.

Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге бағытталған жобалар деп Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының екінші бағытының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің жобалары түсініледі.

12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасы мен (немесе) АХҚО биржасының ресми тізіміне қосылған, облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты заманауи форматтағы сауда объектілерін салу болып табылатыны көрсетілген облигациялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте сауда объектілері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сауда ауданы 3 (үш) мың шарты метрден кем болмайды;

2) облыстарда сауда алаңы 1 (бір) мың шаршы метрден кем болмайды.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен жасалған мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Қаржы агенттігі өзінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және хаттамадан үзінді көшірмені ілеспе хатпен эмитентке/қаржы консультантына, қор биржасына/АХҚО биржасына жібереді.»;

27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кәсіпкер эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін құжаттарды қор биржасына/АХҚО биржасына жібереді, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, қор биржасында/АХҚО биржасында листинг рәсімін өтеді, қор биржасының/АХҚО биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

28. Субсидиялау шарты эмитент:

1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган/АХҚО биржасы тіркеген облигациялар шығарылымының проспектісін;

2) қор биржасының/АХҚО биржасының эмитент облигацияларын биржаның ресми тізіміне (листинг) қосу туралы хабарламасын;

3) эмитент пен орталық депозитарий арасында төлем агенті қызметтерін көрсетуге шарт жасалғаны туралы хабарламаны;

4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

29. Эмитент осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 28-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі мен эмитент арасында субсидиялау шарты жасалады.

Субсидиялау шарты тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарий мен қор биржасына/АХҚО биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.»;

36-тармақтың 4) тармақшасындағы «тоқтата тұру фактілері белгіленген жағдайда, эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.» деген сөздер «тоқтата тұру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін эмитенттердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамау фактілері белгіленген жағдайда эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.»;

41-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигация шығарылымы жойылған;»;

46-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) тоқсанына кемінде бір рет облигацияларды ұстаушыларды және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды/АХҚО-ның қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы хабардар етуді жүзеге асырады.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Облигация ұстаушылардың өкілі өз әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органның актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес хабардар етеді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бағдарлама мен Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агентіне олардың арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Кепілдік беруге бөлінген қаражат Тетік шеңберінде де, Бағдарлама шеңберінде де пайдаланылуы мүмкін.

Тетік шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру кезінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны негізінде бөлінген қаражат кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударылуға жатады және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру Бағдарламада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты өз қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.

Бұл ретте нарық жағдайларында банк кредиттері бойынша даму банкі кепілдіктерін беруге жол беріледі.»;

5-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) даму банкі – «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы;»;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) жобаның экономикалық орындылығы мен тиімділігі – қаржы агенттігінің бағалауы бойынша кәсіпкердің жоспарланған кредитті өтеуіне мүмкіндік беретін табысты және рентабельді жоба;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк пен кәсіпкер арасында жасалатын кепілдіктер беру туралы үшжақты жазбаша келісім.

Кепілдік шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;»;

мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«13-1) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

13-2) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;

13-3) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдар жиынтығы.»;

24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Мыналарды:

1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға сомасы 100 млн. теңгеден аспайтын кредиттерден басқа);

2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 24-бабының
4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жобаларды салалық шектеулерсіз іске асыратын және/немесе тиімді жобаларды іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатысушы бола алады.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Қаржы агенттігі екіжақты негіздемелік келісім жасап және кепілдіктердің ең жоғары сомасын белгілей отырып, Бағдарламаның шарттарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдана алады. Қаржы агенттігі банк таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.

Банктер жобаны іріктегеннен кейін қаржы агенттігіне кепілдік беру шартын қол қою үшін ұсынады. Егер мәлімделген жоба Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі кепілдік шартына қол қоюдан бас тарта алады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:

1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспайды.

Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешектер ескерілмей есептеледі;

2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 % мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

3) ұсынылатын кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

4) кредит валютасы – теңге.»;

мынадай мазмұндағы 44-1, 44-2 және 44-3-тармақтармен толықтырылсын:

«44-1. Тетік шеңберінде:

1) мүліктік кешен ретінде ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған;

2) мемлекеттік даму институттары берген;

3) овердрафт түріндегі;

4) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

5) кредит алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері және қаржылық лизингі кепілдік беруге жатпайды.

44-2. Қаржы агенттігі:

1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

2) жоба Тетік шарттарына сәйкес келмеген;

3) Тетікке әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.

44-3. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизингі бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.»;

мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

«47-1. Қаржы агенттігі екіжақты негіздемелік келісім жасап және кепілдіктердің ең жоғары сомасын белгілей отырып, Тетік шеңберінде портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады. Қаржы агенттігі банкті таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.

Портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігі банкке кәсіпкерлердің жобаларын негіздемелік келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес кредиттеу құқығын береді.

Банктер жобаны іріктегеннен кейін қаржы агенттігіне кепілдік беру шартын қол қою үшін ұсынады. Егер жобаның мәлімделген нысаналы мақсаты Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі кепілдік беру шартына қол қоюдан бас тарта алады.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Қаржы агенттігі/даму банкі іске асырылып жатқан Тетікті жарнамалау науқанын өткізіп, өзінің ресми интернет-ресурсында Тетіктің іске асырылуы туралы ақпарат орналастыра алады.»;

53-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Банк құжаттарды қаржы агенттігіне берген кезде өтінім берген күнге салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.»;

54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«54. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;

58-тармақта:

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн. теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын тоқсанына бір реттен асырмай ұсынады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Портфельдік кепілдік беру кезінде Бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда, банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік беру шартына қол қоя алады.»;

66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«66. Кәсіпкер Тетік шеңберінде кредит немесе қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға өтінішпен жүгінеді.

Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының қарауына шығарады.

Банк/лизингтік компания өзінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес қаржы агенттігіне құжаттарды ұсынады.

Кәсіпкер банкке өтінім берген сәтте, сондай-ақ банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынған кезде өтінім берген күні салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

67. Қаржы агенттігі банктен келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан
10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.»;

мынадай мазмұндағы 68-1-тармақпен толықтырылсын:

«68-1. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда:

банк қаржы агенттігіне кредит шартының көшірмелерін ұсынады;

қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдеп, оған қол қояды және оны банкке жібереді;

банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

Портфельдік кепілдік беру кезінде Тетіктің шарттарына сәйкес келген жағдайда, банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік шартына қол қоя алады.»;

70-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн. теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің тоқсанына бір реттен аспайтын сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 4, 5 және
6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кредиттер/микрокредиттер/екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруы бойынша шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

2. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттердің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беруге арналған қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен аударады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге арналған қаражат Бағдарлама шеңберінде, сол сияқты «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде пайдаланылуы мүмкін.»;

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

1-2) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және МҚҰ-ның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын МҚҰ-ның уәкілетті банкі;

1-3) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, кастодиан банктегі шоттардағы иеленген ақша, көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кредит шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады);»;

12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«12) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

13) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны.

Секьюритилендіру тетігі арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің Бағдарлама шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.

Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді: арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-на қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн. теңгеден аспайды және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн. теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға кредиттерге/микрокредиттерге жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн. теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеу кезінде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде қайта алуға жол беріледі.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде сыйақының номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейді.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746 қаулысында көзделген тәртіппен оқытудан өткен «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі соманы құрайды, кредиттің қалған сомасын кәсіпкер ЕДБ қалауы бойынша өтейді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігі уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қаржы агенттігі төлеген ЕДБ/МҚҰ талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ын жоғары шектен асқан кезде, қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.

Бұл ретте қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.»;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі секьюритилендірілген облигацияларды меншікті не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен сатып алады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ үшін лимиттерді айқындаудың басталғаны туралы хабарландыруды қаржы агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялайды және кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге қатысу үшін ЕДБ/МҚҰ-ға жөнелтілімдер жібереді.»;

21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«21. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/мерзімінен бұрын толық өтеуі туралы, сондай-ақ төлем кестесінің өзгергендігі туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайда, қаржы агенттігіне 100 (бір жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл ретте хабарлау мерзімдері ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға кредит/микрокредит/қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттеме жібереді.

Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.»;

27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда, қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті 6 (алты) ай ішінде басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөле алады.

28. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілді қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі мөлшерде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

29. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.»;

«Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау тәртібі» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау тәртібі»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін кешенді бағалауды/сараптауды жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін;

2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама-хат береді.»;

37-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады;»;

38, 39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін ЕДБ қаржы агенттігіне ағымдағы шот ашады.

Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігінің келісімі бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.

39. Кредиттік шарттарға/қаржыландыру шарттарына қол қойылуына қарай ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың
36-тармағын ескере отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын жібереді.

Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, ЕДБ/МҚҰ мен кәсіпкер арасында қол қойылған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.

Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып алуға тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді қаржы агенттігі жүзеге асырмайды.

Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ға бір мезгілде хабарлайды. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлемнің жүзеге асырылған кезеңі көрсетіледі.

40. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі ЕДБ/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының нашарлауының өзге де белгілері орын алған жағдайда, оның ішінде:

халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша «В» деңгейінен төмендеген;

К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған жағдайда кәсіпкердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

ЕДБ/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлемдер графигін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

41. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. ЕДБ/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қаражат қалдықтарының есебінен шығара алмайды.

42. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

«42-1. Кәсіпкер кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне 100 (бір жүз) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.»;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың
5-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ субсидияларын төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.»;

48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдаланған жағдайда, қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды тоқтатады.

49. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.»;

51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және
8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған мөлшерлемеден аспайды.

52. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

53-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қаржыландыру мақсаттарын, кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасын, сыйақы мөлшерлемесін/үстеме бағасын, кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімін, төлемдер кестесін көрсете отырып, қаржы агенттігіне жиынтық ақпарат береді.»;

55-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаражат түскен кезден бастап Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде (Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберінде және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылы пайдаланбаған бөлінген қаражат кезекті қаржы жылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауға және жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға ішінара кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.»;

көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

 

1-қосымша 

2-қосымша 

3-қосымша 

4-қосымша 

5-қосымша 

6-қосымша 

7-қосымша 

8-қосымша 


Жаңалықтар тізбегі
17 Мамыр 2021, 18:27
Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары
17 Мамыр 2021, 12:44
18 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Мамыр 2021, 11:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 Қаулысы
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.