Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №273 қаулысы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы

 

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу