Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» тамыздағы № 493 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен өзге де көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады. Бұл ретте тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бірлігінің құны негізделеді, ал күрделі (қалпына келтіру) жөндеу бойынша және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мыналар:

36, 37, 38, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв, тиісті қаржы жылында облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне кредит беру үшін республикалық бюджетте көзделеді.

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде:

өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) міндетті шарттар болып табылады.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бөлінген қаражат қайта құрылымдауға жатпайды.

Ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қайта қаражат бөлуге жол берілмейді.

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлінген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктеріне кредит берудің нақты мерзімі және кредитті өтеудің жылдар бойынша бөлінген кестесі көрсетіледі.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит беру үшін облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлуге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге облыстық деңгейдегі атқарушы органның резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға кредит беру үшін облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу үшін мыналар:

  1. өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) міндетті шарттар болып табылады.
  2. Жергілікті атқарушы органдардың аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.

Облыстық деңгейдегі атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлінетін жағдайда облыстық деңгейдегі жергілікті органның шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға аудан бюджетінен кредиттеудің нақты мерзімі және жылдар бойынша бөле отырып кредитті өтеудің кестесі көрсетіледі.»;

мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

«43-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді.

Қаржыландыру Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде айқындалған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде ақша бөлінген жағдайда, төмен тұрған бюджеттерге қаражатты бірінші аудару бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу