Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;

2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелер  қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелерінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып белгіленсін.

3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының атаулары өзгертілсін.

4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілсін.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

7. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу