Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1136 қаулысы

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнайы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының медициналық мекемелерін және спорттық кешендерін, сондай-ақ басқа әскерлері мен әскери құралымдары болып табылатын әскери бөлімдерін және мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның ведомстволарының, аумақтық және өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының, арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің, оқу орындарының, ғылыми зерттеу мекемелерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері;

1-2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, оның ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері;»;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері;»;

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар:
су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын су қоймаларының гидротораптары, шлюздері, бөгеттері;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

1-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді және тексеруді қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) өткізу режимін реттейтін құралдар – мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің персоналы мен келушілердің өтуін бақылауға арналған құрылғылар;»;

мынадай мазмұндағы 69) және 70) тармақшалармен толықтырылсын:

«69) пилотсыз ұшу аппараты – бортындағы пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі
(бұдан әрі – ПҰА);

70) объектілердің персоналы – объектінің, оның ішінде оның жалға алынатын алаңдарында қызметін жүзеге асыратын басшылары, жұмыскерлері, қызметкерлері.»;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығы мен тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарына да сәйкес көзделеді.»;

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) В санаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың объектілері; медициналық мекемелерді және спорттық кешендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның ведомстволарының, аумақтық және өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің, оқу орындарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің әкімшілік ғимараттары мен объектілері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, оның ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері; су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар:
су қоймалардың гидротораптары, шлюздері, бөгеттері, жарылғыш, улы, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Объект ішіндегі барлық оқшауланған үй-жайлар кіру мүмкіндігіне қарай негізгі үш аймаққа бөлінеді:

1) бірінші аймақ – персонал мен келушілерге кіру шектелмеген объектінің ғимараттары, аумақтары, үй-жайлары;

2) екінші аймақ – персоналдың шектеулі құрамына, сондай-ақ объектіге біржолғы рұқсаттама бойынша немесе объект персоналымен ілесіп жүретін келушілерге кіруге рұқсат етілген үй-жайлар;

3) үшінші аймақ – қатаң айқындалған персонал құрамы, объектінің бірінші басшысының (оның міндетін атқаратын тұлғаның) рұқсатымен және объектінің арнайы бөлінген қызметкері ілесіп жүретін келушілер кіретін объектінің арнайы үй-жайлары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектінің аймақтарына кіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүзеге асырылады.»;

10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Су шаруашылығы объектілері бөлімшенің келісімі бойынша объектінің ықтимал қауіпті учаскелерінде ғана қоршаумен жасақталады.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Қажет болған жағдайда негізгі кіретін есіктер, қақпалар немесе қақпа есіктері дыбыс пен түрлі-түсті бейнені беретін бейнекамералармен жасақталған құрылғылармен (домофон) жабдықталады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қажет болған жағдайда сыртқы қоршаудың ішкі жағынан оқшаулау жолағы көзделеді. Бөгеттің акваториясын қоспағанда, гидротехникалық құрылыстар (су қоймалары, гидротораптар) үшін оқшаулау жолағы бөгетке дейін кемінде 500 метр қашықтықты және металл тор орнатылған қоршауды ескеруге тиіс.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. БӨП саны барынша аз және адамдар мен көлік құралдарының қажетті өту қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.

БӨП ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабын) құқыққа қарсы сипаттағы
іс-қимылды қоса алғанда, сырттан болатын әсерге төзімді және шолынуы жақсы әрі күзет қызметкеріне шабуылдан, оның ішінде атыс қаруын қолдану арқылы қорғануды қамтамасыз етуі тиіс. Кіретін есік қалыңдығы кемінде 4 мм металл болат есіктермен жабдықталады.

Өткізу режиміне байланысты БӨП-те рұқсаттамаларды немесе автоматты карточкаларды сақтауға арналған арнайы үй-жай көзделеді.

Объектінің бас автокөліктік БӨП персоналдың өтуіне арналған орталық БӨП-ке мүмкіндігінше жақын орналастырылуы тиіс.

Автокөліктік БӨП-ке баратын жол учаскелерінде қақпадан 30 метрден аспайтын қашықтықта 90 градусқа бұрылыс болуы тиіс. Бұл учаскелер олардың үстінен өту мүмкіндігін болғызбайтын бетон конструкциялармен қоршалуы тиіс.

Таранға қарсы құрылғының «Көлік құралдарының көмегімен шабуылдан таранға қарсы бөгеттер» ҚР СТ ISO IWA 14-1-2021 ұлттық стандарты «Сипаттамаларға қойылатын талаптар, автокөлік құралдарының соққысының әсерін сынау әдісі, пайдалану сипаттамалары» 1-бөліміне сәйкес сынақтан өткен және сипаттамаларға сәйкес келетін басқа да конструктивтік шешіміне жол беріледі.

Автомобиль, теміржол көлігінің өтуі, жеке тұлғаларды өткізу үшін
БӨП-ті қатар қолдануға болады.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Машиналарды тексеру алаңы:

1) ұзындығы кемінде 20 метр және ені жүк автомашинасы енінің
әр бүйірінен кемінде 3 метрден артық болуы;

2) машинаны астынан тексеру үшін шұңқырмен, машинаны үстінен және бүйірінен тексеру үшін мінбелермен немесе эстакадамен жарақталуы;

3) орнатылған қоршаудың беріктігіне сәйкес келетін, айқара ашылатын немесе жылжымалы қақпалар бар негізгі қоршау үлгісі бойынша дуалмен қоршалуы тиіс.

Объектінің кіреберісін машиналарды тексеру алаңымен жабдықтау мүмкін болмаған жағдайда техника мен көлікті тексерудің өзге де заманауи техникалық жүйелерін ескере отырып, алаңдардың басқа да конструктивті шешіміне жол беріледі.»;

35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35-1. Елді мекендерден тыс өнеркәсіптік аймақта орналасқан А және В санатындағы объектілерде жер бедерін ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілер күзет қызметкерін атыс қаруымен зақымдаудан қорғауды, айнала шолуды және кемінде 50 метр жерден бекеттің (объектінің) маңайына оқ атуды қамтамасыз ететін жертасаларды қазады немесе бекіністерді жабдықтайды.»;

70-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

«Күзет бекеті үй-жайының мөлшері: ұзындығы – 3500 мм, ені – 3000 мм, биіктігі – 2500 мм.

Күзет бекеті үй-жайының сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабындар) өңірдің климаттық жағдайларына, сондай-ақ құқыққа қарсы сипаттағы іс-қимылды қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуға және күзет қызметкерін шабуылдан тиісінше қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.

Күзет бекеттерінің үй-жайлары техникалық күзет, дабыл сигнализациясы құралдарымен және объектілердің периметрі бойынша бейнебақылау жүйесінің камераларынан ақпарат шығаратын монитормен, сондай-ақ олардың ерекшеліктерін ескере отырып, тамақ ішуге арналған бөлмемен және санитарлық тораппен жабдықталуға тиіс.»;

 

75-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) бекеттік үйшіктер БӨП-терге немесе тыйым салынған аймақтарға орнатылады және олар қызметтік байланыс құралдарын, дабыл сигнализациясын, рұқсаттама, қолтаңба және мөр бедерлерінің үлгілері бар рамаларды, бекеттік киімді қоюға арналған. Бекеттік үйшіктер кірпіштен, ағаштан, құрамалы темір бетоннан, металл конструкциялардан, пластиктен, сығымдалған және ағаш бөлшектерден жасалуы мүмкін. Температура минус 300С-ден төмен түсетін аудандарда бекеттік үйшіктерде жылыту (электрлі-калориферлер, бумен жылыту және т.б.) көзделеді. Бекеттік үйшіктердің мөлшері мен типтері жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады;»;

87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87. Объект аумағының периметрі периметрлік АТҚ және ББЖ-мен жабдықталады.»;

мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:

«87-1. ПҰА-ның, оның ішінде квадрокоптерлердің көмегімен террор құралдарын жеткізуге және қолдануға байланысты қатерлер өзекті болатын объектілерге ПҰА-ға қарсы әрекет ету жүйелерін көздеу ұсынылады.»;

99-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Су шаруашылығы объектілері құтқару мүкәммалымен (құтқару шеңберлері, шарлар, кеудешелер, белбеулер, күртешелер, ілгектер, лақтыратын жіп, арқан сатысы, сондай-ақ су шаруашылығы объектілері түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де қажетті құралдармен) жарақталады.»;

116-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) КББЖ күзететін үй-жайларға персоналдың және объектіге келушілердің келуін шектеу;

2) барлық персоналдың келу-кету уақытын тіркеу;»;

117-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бүкіл персонал туралы деректер базасын ұйымдастыру (карточканың нөмірі, адамның Т.А.Ә., фотосының бейнесі, лауазымы, кіруге рұқсат етілген
үй-жайлардың тізімі, кірген-шыққан уақыты);»;

124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«124. КББЖ объектілерде өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды кіру аймақтарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.»;

139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«139. Барлық бейнеақпарат оқиғаларды кейіннен талдау үшін сақталуы тиіс (ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәуліктен кем болмауы тиіс).»;

мынадай мазмұндағы 140-1-тармақпен толықтырылсын:

«140-1. Объектінің телевизиялық күзет жүйелеріне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келуге тиіс.»;

141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«141. Жедел байланыс жүйесі (бұдан әрі – ЖБЖ) бөлімшенің қызметін басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданылуға тиіс.»;

178-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Су шаруашылығы объектілерін техникалық тексеру құралдарымен жарақтандыру объектілерге тән қатерлерге, олардың жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес келуге тиіс.»;

181-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) арнайы мақсатта қолданылатын стационарлық рентгендік цифрлық сканерлеу жүйелері (адамның тұла бойын рентгенді-графикалық сканерлеу) мынадай қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында адамды қол тигізбей көзбен шолып жеке тексеруді қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс:».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу