Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1137 қаулысы

«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;

2) Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидалары осы қаулыға
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларымен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                   Ә. Смайылов

 

Өлшемшарттар

Ережелер

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу