Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1138 қаулысы

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253  қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі 
№ 253  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

         «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

         1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Мыналар:

         1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

         2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға  2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

         3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

         8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға  2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

         9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

 1-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

2-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

3-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

4-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

5-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

6-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

7-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

8-қосымша»;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында жоғары оң жақ бұрышы мынадай  редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 253 қаулысына

9-қосымша».

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру  және бөлу жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

 

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу