Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №1144 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 және «Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, «Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы №449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 қаулысында:  

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) кенорындарының рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидалары және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидалары және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 

2) «Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, «Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, «Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызылатын көмірсутек кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі»;

рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындары (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесінің кестесінде:

жетінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Көмірсутек кен орнын (кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу өлшемшарттары»;

сегізінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Көмірсутек кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) санаты»; 

тоғызыншы баған мынадай редакцияда жазылсын: 

«Су басқан, дебитi аз, игерілген, тұтқырлығы жоғары көмiрсутек кен орындары (кен орындарының тобы, кен орнының бiр бөлiгi) үшін пайдалы қазбаларды өндiру салығының мөлшерлемесі (%)». 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                          Ә. Смайылов

 

қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу