28 Қараша 2025, 14:45
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 651-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық
телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелерін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
9 қарашадағы № 736 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу