Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы №718 қаулысы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақтың 2) тармақшасында:

бесінші бөліктің бірінші абзацы  мынадай редакцияда жазылсын:

«медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильдігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:»;

жетінші бөліктің  бесінші абзацы  мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильдігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;»;

көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жолдағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

3)

Еңбек мобильдігі орталықтары мен олардың филиалдарының басшыларына, мамандарына және басқа да қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін

 

ЛА-дан 50 %

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу