Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы №979 қаулысы

Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 818-бабының 4-тармағына және 819-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары бекітілсін.
  2. «Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі
    № 183 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу