Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 қазандағы №819 қаулысы

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе оны ұзарту үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексі 616-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту үшін алым мөлшерлемелері:

күнтізбелік 90 күнге дейін – 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

күнтізбелік 180 күнге дейін – 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

күнтізбелік 270 күнге дейін – 36 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

күнтізбелік 365 күнге дейін – 48 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе оны ұзарту үшін алым мөлшерлемелері алым төленетін күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        О. Бектенов

 

Қосымша -1

Қосымша - 2

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу