Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №314 қаулысы

Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын машина жасау саласының тауарларын;

2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын химия өнеркәсібінің тауарларын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын металлургия өнеркәсібінің тауарларын;

4) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын құрылыс өнеркәсібі тауарларын;

5) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын жиһаз өнеркәсібінің тауарларын Ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

2. Мемлекеттік сатып алуға қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың қатысуына рұқсат етілсін.

3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсетіп, осы қаулының
1-тармағында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу